четверг, 11 октября 2018 г.

«Дәстүр және жаңашылдық»


       Мәртөк аудандық орталық кітапханасында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Дәстүр және жаңашылдық» тақырыбында шеберлік класы өткізілді.
       Ауыл кітапханаларын дамыту, мәдени мұра қорларын сақтау, сандық түрге көшіру, ауылдық кітапханалардағы инновацияларды жүзеге асыру, ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, кәсіби байланыстар мен іс – тәжірибе алмасу мақсатында шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мамандары, облыстық, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары қатысты.
       Шара барысында «Ауыл кітапханалары мәдени мұраны сақтайтын орталық», «Құжаттарды цифрлық форматқа көшірудің үдерістері», «Аудандағы модельді кітапханаларының қызметі», «Жылдық жоспар және есеп құрастыру бойынша әдістемелік көмек» тәжірибелік сабақ және кеңес беріледі.




Комментариев нет:

Отправить комментарий