четверг, 17 октября 2019 г.

"Үздік жас кітапханашы - 2019" облыстық байқауы


           2019 ж. 15 қазан күні кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік жас кітапханашы - 2019» облыстық байқауы өтті.

Жас мамандар өздерінің хоббилерін, «Есімдер калейдоскобы» ,«Менің сүйікті кейіпкерім» дефилесі», «Біздің мамандық: талпыну мен ізденіс» кітапхана челленджі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында нұсқаулық дауындау тапсырмалары бойынша ең үздіктері таңдалды.
         Жеңімпаздар  ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.








Толығырақ

понедельник, 30 сентября 2019 г.

Коворкинг орталығы - Шалқар аудандық орталық кітапханасында



    Шалқар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 27.09.2019ж. КОВОРКИНГ орталығы ашылды. Ашылу рәсіміне «Нұр-Отан» партиясының өкілі Н. А. Мұрсалов, мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің А. Сарина шақырылды. Орталықтың   лентасын  қию  рәсімін  Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшесі, «КСРО   баспасөзінің    үздігі», журналист,«Шалқар» аудандық  газетінде  жастайынан қызмет атқарған зейнеткер   М.М.Есмағанбетов  жасап,  кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.
 Аудандық   орталықтандырылған  кітапхана   директоры   Б.Т.Жақсыбаева   кеш   қонақтарына   «Көп бейінді»   орталықтың AITY  аймағынан, үлкендер мен балалар аймағынан  тұратыны  жөніндегі   мағлұматтармен  таныстырып өтті.
 Шара барысында мәдениет  саласында  қызмет  атқарған  зейнеткерлер  О.Сүйіндікова, Ә.Сейдуллаева,  Р.Қаржауова, журналист мұғалім-зейнеткер  Ө.Наурызғалиева,  кітапхана   оқырманы   К.Досов ағайлар өз тілектерін  білдіріп, сыйлықтарын  табыс етті. Шараға мектеп мұғалімдері, кітапханашылар қатысып, қала  мектептерінің  оқушылары  балалар алаңының  кітаптармен танысып, тоғызқұмалақ, шахмат  ойындарымен  жабдықталғанына қуанып, алғыстарын білдірді. 









Толығырақ

понедельник, 2 сентября 2019 г.

Темір ауданында KOVORKING ORTALYG'Y

            

        Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 29.08.2019ж. аудан әкімі Ж.Н.Қалмағанбетов, С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми  әмбебап кітапханасының директоры Б.К.Кошабаева, мекеме қызметкерлері, мұғалімдер және ардагерлердің қатысуымен «Коворкинг» орталығының ашылу рәсімі өткізілді.  «Коворкинг» орталығының салтанатты тұсаукесер рәсімін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.И.Өтепов пен орталық кітапхананың бұрыңғы директоры, қазіргі зейнеткер Б.Н.Нұрғалиева лентасын қиып, игі тілегін жеткізді.
        Аудан әкімі Ж.Н.Қалмағанбетов құттықтай отырып, алдағы уақытта кітап қоры мол болып, оқырманы көп болсын деп жылы лебізін білдірді.
     «Коворкинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда - бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады. Яғни мобильді стандарт бойынша жабдықталды. Интернет жүйесі, электронды пошта жұмыс істеп тұр. 
     Осы шара барысында Кеңкияқ ауылының ақыны Қуатжан Баймұхановтың «Бекешевтер әулеті» атты кітабын кітапхана қорына сыйға тартты.


 



Толығырақ

четверг, 1 августа 2019 г.

KOGORKING ORTALYG`Y - Ембі қалалық кітапханасында


Мұғалжар ауданы Ембі қалалық кітапханасында 29.07.2019ж. КОВОРКИНГ орталығы ашылды. Ашылған орталық: Интернет, интелектуальды, демалыс, балалар, мобильді қызмет аймақтарынан тұрады.
1.    Интернет аймағы - электронды жұмыс орны, мұнда 2 моноблок жұмыс жасап тұр. Коворкинг орталығына келген оқырмандар өздеріне қажет мәліметтерді алу үшін пайдалана алады.
2.      Интелектуалды аймақ - түрлі дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер, пікірталастар, клубтар, мастер-класстар, курстар, тренингтер өткізілетін орын. Мұнда видеопроектор экранымен қойылған.
3.      Демалыс аймағы - оқырмандар қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, ойын ойнап немесе теледидар көруге болатын демалыс аймағы.
4.      Балалар аймағы - мұнда балалардың  бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Балалар кітап оқумен қатар, тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындармен уақытын қызықты өткізуіне болады.
5.      Мобильді қызмет аймағы - бұл аймақта мобильді кітапхана орналасқан. Бұл аймақта ақын-жазушылардың еңбектері арнайы бағдарламада кодтарымен орналастырылған, камерасы бар ұялы телефонды алып, ұнаған кітаптың кодын сканерлеу үшін бағдарламаны іске қоссаңыз, камераны кодқа әкелесіз  ақпаратты аласыз. Қолданыста өте оңай, бір көргеннен меңгеріп алуға болады.


 











Толығырақ