понедельник, 30 сентября 2019 г.

Коворкинг орталығы - Шалқар аудандық орталық кітапханасында



    Шалқар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 27.09.2019ж. КОВОРКИНГ орталығы ашылды. Ашылу рәсіміне «Нұр-Отан» партиясының өкілі Н. А. Мұрсалов, мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің А. Сарина шақырылды. Орталықтың   лентасын  қию  рәсімін  Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшесі, «КСРО   баспасөзінің    үздігі», журналист,«Шалқар» аудандық  газетінде  жастайынан қызмет атқарған зейнеткер   М.М.Есмағанбетов  жасап,  кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.
 Аудандық   орталықтандырылған  кітапхана   директоры   Б.Т.Жақсыбаева   кеш   қонақтарына   «Көп бейінді»   орталықтың AITY  аймағынан, үлкендер мен балалар аймағынан  тұратыны  жөніндегі   мағлұматтармен  таныстырып өтті.
 Шара барысында мәдениет  саласында  қызмет  атқарған  зейнеткерлер  О.Сүйіндікова, Ә.Сейдуллаева,  Р.Қаржауова, журналист мұғалім-зейнеткер  Ө.Наурызғалиева,  кітапхана   оқырманы   К.Досов ағайлар өз тілектерін  білдіріп, сыйлықтарын  табыс етті. Шараға мектеп мұғалімдері, кітапханашылар қатысып, қала  мектептерінің  оқушылары  балалар алаңының  кітаптармен танысып, тоғызқұмалақ, шахмат  ойындарымен  жабдықталғанына қуанып, алғыстарын білдірді. 









Комментариев нет:

Отправить комментарий