понедельник, 2 сентября 2019 г.

Темір ауданында KOVORKING ORTALYG'Y

            

        Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 29.08.2019ж. аудан әкімі Ж.Н.Қалмағанбетов, С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми  әмбебап кітапханасының директоры Б.К.Кошабаева, мекеме қызметкерлері, мұғалімдер және ардагерлердің қатысуымен «Коворкинг» орталығының ашылу рәсімі өткізілді.  «Коворкинг» орталығының салтанатты тұсаукесер рәсімін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.И.Өтепов пен орталық кітапхананың бұрыңғы директоры, қазіргі зейнеткер Б.Н.Нұрғалиева лентасын қиып, игі тілегін жеткізді.
        Аудан әкімі Ж.Н.Қалмағанбетов құттықтай отырып, алдағы уақытта кітап қоры мол болып, оқырманы көп болсын деп жылы лебізін білдірді.
     «Коворкинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда - бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады. Яғни мобильді стандарт бойынша жабдықталды. Интернет жүйесі, электронды пошта жұмыс істеп тұр. 
     Осы шара барысында Кеңкияқ ауылының ақыны Қуатжан Баймұхановтың «Бекешевтер әулеті» атты кітабын кітапхана қорына сыйға тартты.


 



Комментариев нет:

Отправить комментарий