четверг, 1 августа 2019 г.

KOGORKING ORTALYG`Y - Ембі қалалық кітапханасында


Мұғалжар ауданы Ембі қалалық кітапханасында 29.07.2019ж. КОВОРКИНГ орталығы ашылды. Ашылған орталық: Интернет, интелектуальды, демалыс, балалар, мобильді қызмет аймақтарынан тұрады.
1.    Интернет аймағы - электронды жұмыс орны, мұнда 2 моноблок жұмыс жасап тұр. Коворкинг орталығына келген оқырмандар өздеріне қажет мәліметтерді алу үшін пайдалана алады.
2.      Интелектуалды аймақ - түрлі дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер, пікірталастар, клубтар, мастер-класстар, курстар, тренингтер өткізілетін орын. Мұнда видеопроектор экранымен қойылған.
3.      Демалыс аймағы - оқырмандар қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, ойын ойнап немесе теледидар көруге болатын демалыс аймағы.
4.      Балалар аймағы - мұнда балалардың  бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Балалар кітап оқумен қатар, тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындармен уақытын қызықты өткізуіне болады.
5.      Мобильді қызмет аймағы - бұл аймақта мобильді кітапхана орналасқан. Бұл аймақта ақын-жазушылардың еңбектері арнайы бағдарламада кодтарымен орналастырылған, камерасы бар ұялы телефонды алып, ұнаған кітаптың кодын сканерлеу үшін бағдарламаны іске қоссаңыз, камераны кодқа әкелесіз  ақпаратты аласыз. Қолданыста өте оңай, бір көргеннен меңгеріп алуға болады.


 











Комментариев нет:

Отправить комментарий