среда, 17 июля 2019 г.

Коворкинг орталығы - Байғанин аудандық орталық кітапханасында

          Байғанин аудандық орталық кітапханасында 17.07.2019ж.   КОВОРКИНГ орталығы ашылды.  Аудандық ОКЖ директоры Айгул Тукенова   коворкинг орталығының мобильді қызмет көрсету, кинокөрсетілім мен лекция оқу, демалыс және балалар оқу аймақтарына таныстырылымын жасады. Сонымен бірге кітапхана ісінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша кітапхана басылымдарын сандық жүйеге көшірілу және мобильді кітапхана  жобасы бойынша оқырмандарға  «QR Scanner” бағдарламасын телефонға кітапты жүктеу арқылы  қажетті кітабын оқуға мүмкіндік алатынын жеткізді.
           Коворкинг ашылу салтанатында Адаев Шәріп, Өскінов Нұрлан,  Шекеева Наталья, Жазықов Балғали, Мұңайтбасова Батима, кітапхана ісінің ардагері Кенжебаева Батима сынды  кітапхананың тұрақты оқырмандары, және  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Салиева Ақтоты Қорғанбайқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Жақасов, аудандық мәдениет үйінің директоры Г.Кунаева қатысып, лебіздерін білдіріп, игілікті істе бірлесе жұмыс жүргізуге пікірлерін ұсынды. 






 

Комментариев нет:

Отправить комментарий