четверг, 27 декабря 2018 г.

"Коворкинг- орталығы ашылды"





    «Coworking» орталығы -пайдаланушыларға әлемдегі қазіргі заманғы үрдістерге ортақтастыру үшін жасалған. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстың бір бөлшегі және қазіргі заманғы сананы модернизациялау, дамыту үшін жаңа жағдайлар туғызатын барлық салаларда жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын үлкен ғаламдық жұмысты қамтиды. Осы үрдісті кітапхана да қолдап, мұндай орталықты ашу бастамасы көзделді. Бұған дәлел 2018 жылдың 26-желтоқсаны күні Жаңа жылдық мереке қарсаңында ауданымыз үшін айтулы бір жаңалықҚобда ауданы, Талдысай ауылындағы модельді кітапхана бұдан былай жаңа дәуірдің бір айтулы жаңалығы – «Coworking» орталығы ретінде ашылды.          Орталықтың ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Т.Жұмағұлова ауыл тұрғындарын жаңа заманауи тұрғыда қызмет көрсететін «Coworking» орталығының ашылуымен құттықтады. Бұл орталықта 5 түрлі зона қызмет етеді. Оқырмандарға тыныштықта оқу залы, ноутбук, тегін интернет, WI-FI желісіне қосылған теледидар, принтер, сканер, көбейту аппаратымен жабдықталған. Оқырмандар үшін ақпараттық – технологиялардың толық түрде пайдаланылуына жағдай жасалынып, оқырмандарға мобилді телефон арқылы QR код арқылы енгізілген кітаптар және балалармен түрлі шараралар өткізуге арналған зоналармен қамтылған.
    Жалпы «Coworking» орталығы – достарыңмен қатынасуға, компьютермен жұмыс істеуге, ұнаған кітабыңды оқуға, жаңа қызықтыны үйренуге, ойнауға, өз шығармашылық қабілеттеріңді арттыруға мүмкіндік беретін жер. Ең маңыздысы – коворкинг орталықтың барлық қызметтері - тегін.
       Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық болды.Салтанатты шара жиналған оқырмандар «Coworking» орталығының қызметтерімен танысып, қызығушылықтары мен қуаныштарын жеткізді.








Комментариев нет:

Отправить комментарий