среда, 26 декабря 2018 г.

"Тағы бір коворкинг орталығы- Кеңкияқ ауылдық модельді кітапханасында!"


       Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі-халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг –орталық ретінде қайта құру жобасын қолға алды. Себебі, кітапханалар
тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинаралар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Сондықтан осындай орталықтарды мазмұнды, мәнді дүниелермен толықтыруымыз керек. Жобаның негізгі мағынасы да осы, яғни дәстүрлі кітапханаларға жастарды тартып, оларды кітап оқуға, сапалы білім алуына жағдай жасау.
       Биыл «Нұр Отан» партиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе «Білім беру Орталықтары»-«Bilim Ortalygy» жобасын әзірлеп, тұжырымдаманы басшылыққа алу үшін өңірлерге таратты және облыс әкімі Б.Сапарбаев тарапынан қала, аудан әкімдеріне коворкинг орталықтарын ашу және оны қаржыландыру тетіктері жөнініде нақты тапсырма берілді.Түрлі кәсіби деңгейдегі, түрлі білім иелерінің ашық қоғамдастығы және кітапханаларды жетілдіруде үлкен қадам болып есептеледі.
       2018 жылдың 26 желтоқсан күні Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Кеңкияқ ауылдық модельді кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылды. Коворкинг ашуға жергілікті бюджеттен 1 млн теңге бөлінді.  Бөлінген қаржыға коворкинг орталығына қажетті заттар  алынды.
       Коворкинг орталығының негізгі мақсаты - ауыл кітапханаларын жаңғырту, кітапхана жұмысын жандандыру. Заманауи орталыққа келген оқырмандарға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беруде. Орталықта жеке алаң аймағы, рухани қазына аймағы, кітап оқу аймағы, Wi-Fi  қызмет көрсету аймағы бар. Бұл аймақтар оқырман үшін заман талабына сай жабдықталған.
        Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың жұмысымен танысты. Қеңкияқ ауылдық округінің әкімі, ауыл ардагерлері шараға қатысушыларды құттықтап, шығармашылық жетістіктер тіледі.




 

 













Комментариев нет:

Отправить комментарий