среда, 19 декабря 2018 г.

Алға ауданы, Үшқұдық ауылында "Коворкинг " орталығы


  

  2018 жылдың 15 желтоқсан күні  Алға ауданы, Үшқұдық ауылында "Коворкинг " орталығының ашылу рәсімі өтті. Коворкингтің ашылу салтанатында  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов  жəне аудан əкімі Нағымжан Алдияров ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аймақтармен танысып, орталықтың жұмысына шығармашылық жетістіктер тілеп, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді. Үшқұдық  ауылында  ашылған «Коворкинг» орталығы келушілерге 4 аймақ бойынша қызмет көрсетеді.
        Еркін алаң  аймағында оқырмандар бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалынған. Аймақ жаңа жиһаз, қазіргі заманға сай дизайнерлік сөрелер, орындықтар, теледидар, компьютермен жабдықталған. Оқырмандар шахмат, тоғызқұмалық, дойбы ойнап немесе кофе ішіп, кез келген оқырман сүйікті ісімен айналыса алады.
      Мобильді қызмет аймағында кез-келген ауыл тұрғыны аудан, қала орталығына бармай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба арқылы E.gov сайтына кіріп, қажет анықтамаларын, зейнеткерлік жинақ қорын, балабақшадағы кезегін т.б. қызмет түрлерін тегін пайдалана алады. Сонымен қатар kazneb.kz сайтына тіркеліп, электронды форматтағы құжаттар мен Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасынан қажет кітаптын электронды нұсқасын оқи алады.  
         Оқу аймағы жасөспірімдер мен жеткіншектерге мектептен тыс уақытта ағылшын тілін кітап, ойындар арқылы меңгеруге барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар оқырмандар  сүйікті ақын-жазушыларының  шығармаларымен қауыша алады.
        "Асыл қазына" аймағында ақсақалдар бас қосып,  ұрпақ тəрбиесі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы, қоғамдағы өзекті мəселелер бойынша келелі сұрақтарды талқылап, мерзімді басылымдар, кітап оқып бос уақыттарын тиімді пайдаланады.
         Коворкинг орталығын ашу талабы 3 бағытта болып келеді. Біріншіден халық саны 1000 адамнан асу керек, екіншіден жалпы білім беретін білім мекемесі болу керек, үшіншіден инфрақұрылымы дамыған болу керек. Осы талаптарға сай болуына байланысты Үшқұдық ауылында аудан бойынша екінші Коворкинг орталығы ашылып отыр. Алғашқы орталық маусым айында Бестамақ ауылында ашылды.
        Коворкинг орталығы  кез-келген оқырманның бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне, өзінің сүйікті ісімен айналысуына заман талабына сай стандарт бойынша жабдықталған орталық.


















 

Комментариев нет:

Отправить комментарий