пятница, 14 декабря 2018 г.

"Оқу орны мен әлеуметтік серіктес талабының ұштасуы жағдайында білікті маман даярлаудың жолдары" атты облыстық конференция

         


       2018 жылдың 12 желтоқсан күні  С.Бәйішев  атындағы  Ақтөбе  облыстық ғылыми әмбебап кітапханада  Ақтөбе гуманитарлық колледжімен бірлесіп«Оқу орны мен әлеуметтік серіктес талабының ұштасуы жағдайында білікті маман даярлаудың жолдары» тақырыбына облыстық  конференция  өткізілді. Оған  қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері, колледж оқытушылары мен студенттер қатысты. «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша әлеуметтік серіктестердің ролі туралы сөз қозғалды. Облыс кітапханалары, әлеуметтік серіктестіктер мен оқу орындары аралығындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері қаралды. Сонымен қатар  оқу мен тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, әлеуметтік серіктестіктермен қарым қатынасты ұйымдастыру және ынтымақтастықты нығайту,  кітапханашылардың кәсіби беделін арттыру, сапалы заманауи мамандарды даярлау бойынша  тақырыптарда  мәселелер  талқыланды. 














Комментариев нет:

Отправить комментарий