воскресенье, 31 марта 2019 г.

Мұғалжар аудандық орталық кітапханасында «Coworking» орталығы ашылды.



2019 жылдың 29 наурызында Жастар жылына орай Мұғалжар ауданы орталық кітапханасында «Go-working» орталығын ашылу салтанаты болып өтті.













Ағылшын тілінен ау­дарғанда «Coworking»  сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді біл­­діреді. Кітапханаларда осындай  орта­лық­та­рдың ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Ескі үрдіспен жұмыс істеп келген кітапханаларға оқырмандарды тарту үшін бұл орталықтың маңызы жоғары екені сөзсіз. Орталық кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, жастардың шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, ең бастысы кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайды.









Коворкинг орталығында 5 аймақ жұмыс жасайды:  Интернет аймағы – электронды жұмыс орны, интеллектуалдық аймақ  – түрлі дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер, пікірталастар, клубтар, мастер-класстар, курстар, тренингтер өткізетін орын, демалыс аймағы –қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, гаджетіңізде отырып, ойын ойнап немесе теледидар көруге болатын демалыс орны, балалар  аймағы  – мұнда балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу ойластырылған. Балалар кітап оқумен қатар, тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындармен уақытын қызықты өткізе алады, Мобильді  қызмет аймағы -  мұнда өлкелік ақын, жазушылардың еңбектері QR кодпен орналастырылған. Орталықтағы ақысыз Wi-Fi арқылы смартфон немесе планшетке  QR кодты сканерлеуге арналған QR Code  Reader  қосымшасын жүктеп алып,  камера көмегімен кітапты жүктеп, кез-келген уақытта, кез-келген жерде кітап оқуға болады. 


Комментариев нет:

Отправить комментарий