среда, 15 мая 2019 г.

«Сoworking» орталығы ашылды

Қарғалы аудандық орталық кітапханасы

9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен тұспа – тұс Қарғалы аудандық орталық кітапханасында  «Сoworking» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы бастаған ауыл ақсақалдары мен мекеме басшылары және С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Кошабаева Бактылы Кожахметқызы және бөлім меңгерушісі Қарашаш Абрахманова қатысты. Кітапхананың ересектер бөлімінің жанынан құрылған «Мерей» клубының әжелері қазақтың салты бойынша көпшілікке шашу шашты. Кітапхана директорының міндетін атқарушы Мысаева Нұргүл Шоқанқызы орталыққа шағын экскурсия жасап, көпшілікті орталықтың мақсатымен, ондағы аймақтармен таныстырды. Орталықтың мақсаты барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру, орталық қызметін пайдаланушыларға заман талабына сай қызмет түрлерін ұсыну.

Жалпы  «Сoworking»  сөзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді. Заманауи орталыққа келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Кітапханада ашылған орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған, ыңғайлы креслолар, үстелдер, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, интернет, принтерлер, сканерлермен жабдықталған. Орталық 5 аймақтан тұраты.
1. Тіркеу аймағы
2. Интернет аймағы
3. Интеллектуалды аймақ
4. Балалар аймағы
5. Демалыс аймағы.








Комментариев нет:

Отправить комментарий