среда, 29 мая 2019 г.

WEB - Рабис бағдарламасы: кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету: Семинар-тренинг

С.Бәйішев  атындағы  облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханасында 2019 жылдың 27-28 мамыр күндері ауыл кітапханаларын дамыту, кітапханалар қорларын сақтау, ауылдық кітапханалардағы инновацияларды жүзеге асыру, ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, кәсіби байланыстар мен іс – тәжірибе алмасу мақсатында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының  ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева, ҚР Ұлттық кітапханасының ақпараттық ресурстар  қызметінің ұлттық әдебиеттерді ғылыми өңдеу тобының жетекшісі Ф.К.Бектурбекованың  қатысуымен «WEB - Рабис бағдарламасы: кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету»  атты семинар-тренинг өтті.
Шара барысында «WEB-RABIS бағдарламасының негізгі модульдерімен таныстыру»,  «WEB-RABIS бағдарламасы және электронды каталог», «Кітап және тағы басқа құжаттармен жұмыс», «Мақалалар, толық мәтінді құжаттар, «WEB-RABIS-тегі «Толықтыру» модулінің бағыттары» атты теориялық,  тәжірибелік сабақ және кеңес  берілді. Семинар-тренингке қатысқан 74 облыстық, аудандық, ауылдық кітапханалардың мамандарына Сертификат табысталды.



Комментариев нет:

Отправить комментарий