понедельник, 3 июня 2019 г.

Коворкинг орталығы


        2019 жылдың  3  маусым  күні    Ырғыз ауданы  Қызылжар  ауылдық  округінің   орталығы  Құрылыс   ауылында  Қызылжар   модельді кітапханасы жанынан "Коворкинг орталығының"   ашылу салтанаты өтті. "Коворкинг  орталығының" ашылуымен  Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары А. Шахин,  "Nur   Otan " партиясы аудандық   филиалы төрағасының  бірінші   орынбасары М. Тұрымов, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.Мырзалы, кітапхана ардагері  Б.Омарбекова құттықтап, орталықтың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Коворкинг орталығының   салтанатты  ашылу  лентасын  Қызылжар ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Зейінов, кітапхана  ардагері  Р. Омарова қиды.  Орталықтың   тіркеу  аймағы,  балалар аймағы,  кинокөрсетілім  және  лекция  аймағы,  демалыс  аймағы, мобильді  қызмет көрсету   аймақтары  оқырмандарға  қызмет көрсетеді.  
    Жиналған көпшілікке концерттік бағдарлама көрсетіліп, "Коворкинг  орталығы"  таныстырылды.
 


Комментариев нет:

Отправить комментарий