понедельник, 17 июня 2019 г.

Мәртөк ауданында коворкинг орталығы ашылды

2019 жылдың сәуір айында «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында Мәртөк аудандық орталық кітапханасы жанынан заманауи облыстық қаржыдан 3 млн.теңге көлемінде бөлініп, «Білім беру орталығы» іске қосылды. Орталық бес аймақтан тұрады. Атап айтсақ «Балалар әлемі» балаларға арналған кітаптармен және шахмат, тоғызқұмалақ т.б. спорттық ойындармен айналысуға арналған, «Шығармашылық аймақ» қол өнерлерімен және балалар театрымен айналысуға арналған бөлім, «ІD ақпараттық аймағы» электронды кітаптар және интернетке қосылған компьютерлер арқылы қажетті ақпарат алуға болады, «Оқырмандар аймағы» демалыс пен шығармашылыққа, іс-шаралар мен семинарлар, шеберлік-сабақтарын өткізуге бағытталған аймағы, «Асыл жандар» ата-әжелерге және мүмкіндігі шектеулі жандар жайлы отырып газет журнал, кітап оқуға арналған аймағы. Орталық ата-аналар балаларымен бірге уақыттарын тиімді өткізіп, кез келген ақпаратты интернет жүйесінен алып, өз керектеріне жарата алады. 









Комментариев нет:

Отправить комментарий